Ақпан айының 25-29 күндері аралығында Шымкент қаласында кикбоксингтен Арман Маделхановты еске алуға арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы XVII республикалық турнирі болып өтті.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Атырау облыстарынан 450-ден астам спортшылар бақ сынасқан аталмыш турнирге «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының Руслан Хисмаев жаттықтыратын жас кикбоксшылар да қатысып қайтты. Бұл бәсекеде 44 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төлеуіш Айару озық өнерімен көзге түсіп, 2 орынға қол жеткізсе, 30 келі салмақта бақ сынаған Қуанғали Дінмұхаммед 3 орынды иеленді.
Жас спортшыларымызға сәтіліктер тілейміз!
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ