Бірі – жеңімпаз, бірі – жүлдегер

Маусым айының 19-23-і күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында "festival Nur-sultan open" халықаралық турнир болып өтті.

Аталмыш турнирге 10-нан астам мемлекет қатысып өз бақтарын сынады, осы жарыста Атырау құрамасының сапында өнер көрсеткен Исатай БЖСМ шəкірттері де барын салып бақты.

Атап айтар болсақ, 63 келі салмақ дәрежесінде Айару Шұғыпан файтингтен 1-орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді (жаттықтырушысы Н.Абдеш).

Ал, 55 келіде өнер көрсеткен Бейбарыс Әділжан (жаттықтырушысы А.Ғалым) файтингтен 2 орын еншілеп, абыройымызды асырды.

Жеңісті сәттеріміз көп болғай.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521