bannerqaz

Еңбек ардагеріне арналған еске алу турнирі өтті

Аққыстаудағы орталық спорт кешенінде волейболдан оқушылар арасындағы облыстық ашық турнир өтті.

Аталмыш спорттық дода Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің, сондай-ақ Октябрь революциясы орденінің иегері, кезінде Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің алтын, күміс медальдарымен марапатталған тұщықұдықтық белгілі малбегі Мұхси Досқалиевты еске алуға арналды. Ерен еңбек иесінің ұрпақтары демеушілік етіп, Исатай аудандық білім бөлімі «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының ұйытқы болуымен екі күнге созылған бұқаралық шараның ашылуында сөз алған ауданның Құрметті азаматтары Жұмажан Қадимов пен Сайпеден Сидағалиев Мұхси Досқалиұлының азаматтық тұлғасы, қандайма құрметке де лайық болған елеулі еңбегі хақында сөз қозғап, осындай өнегелі бір іс қылып отырған ұрпақтарына алғыс сезімдерін білдірді, Құрманғазы, Жылыой, Мақат, Индер, Қызылқоға және өз ауданымыздан қатысып отырған командаларға сәттіліктер тілесті.

muhsi-turnir1

Елге елеулі қызмет еткен аға буын өкілдерінің есімін кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына сіңіруді, жас ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеуді, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат тұтқан турнир жексенбі күні мәресіне жетті. Сөйтіп, алты команда қатысқан жарыста бірінші орынды (150 мың теңге) индерліктер иеленіп, екінші орын (100 мың теңге) құрманғазылықтардың еншісіне тиді, ал үшінші орын (50 мың теңге) исатайлықтарға бұйырды. Турнирдің үздік ойыншылары танылған Сабырхан Елемесов (Исатай), Аңсар Тілеков (Индер), Мәлік Әділбек (Құрманғазы) арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ үздік төрешілерге де алғыс білдірілгенін айта кету лазым.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz