Кикбокстан ауданымызда алғаш ел чемпионы шықты

Исатай ауданындағы «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының құрылуы жас шәкірттердің ауданымызда бұған дейін бағдарламаға енбеген спорт түрлерімен еркін шұғылдануына мүмкіндік жасады.

Солардың бірі – кикбоксинг. Руслан Хисмаев жетекшілік ететін үйірмеде аталған жекпе-жек түрімен айналысатын жас спортшылар жетерлік. Олардың кейбірі әртүрлі деңгейдегі турнирлерде жүлде салып та жүр.

19-22 маусым күндері аралығы Жамбыл облысы, Қордай ауданында кикбоксингтен 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық жас спортшылар қатынасқан жарыста облыс құрама командасының сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Айару Төлеуіш те өнер көрсеткен болатын. 36 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан спортшы қызымыз, қарсыластарынан басым түсіп, кикбоксингтен ауданымыздан алғаш рет ел чемпионы атанды. Кикбоксинг үйірмесі жаңадан ашылса да шәкірттері республика, облыс көлеміндегі жарыстарға қатынасып, жүлделі орындардан көрініп жүрген кикбоксинг үйірмесінің жаттықтырушысы Руслан Хисмаевтың еңбегін де ерекше атай кеткен жөн.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521