bannerqaz

Мұхаммедрахим "Мұнайшы барысында" жүлдегер атанды

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған "Ембімұнайгаз" АҚ мұнайшылары арасында қазақ күресінен "Мұнайшы барысы" турнирі өтті.

Аймақтағы әр өндіріс орнынан барлығы 23 палуан қатысқан бәсекеде жайықмұнайлық жерлестеріміз де сынға түсті. Олардың ішінде Дидар Дәулетов, Ғарифолла Рақымжан, Әбділмәжит Сайфеденов, Мұхаммедрахим Оралбековтер бар. Ауданымыздың мақтанышы Мұхаммедрахим Оралбеков жарысты жеңіспен бастап финалға дейінгі қарсыластарын оңай ұтып, ақтық сынға жолдама алды.

m

Ақтық бәсекеде қайнармұнайгаздық белгілі палуан, самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы Аян Тайжановпен белдескен Мұхаммедрахим азулы қарсыласымен болған сында жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады.

Осылайша Мұхаммедрахим екінші орын мен жүлдеге тігілген 150 мың теңгені қанжығаға байлады.

Жүлде құтты болсын, жерлестер!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz