Қос боксшымыз облыс чемпионы атанды

Қаңтар айының 5-9-ы күндері аралығында Махамбет ауданында бокстан 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Атырау облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа ауданымыздан «Исатай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 7 шәкірті бақ сынаған болатын. Атап айтар болсақ, 52 келіде бақ сынаған Бисенбай Дастан, 43 келіде жұдырықтасқан Айдынғали Мұхаммедали және +70 келіде сынға түскен Насиболат Нұрдәулет үшінші орындарды қанағат тұтса, 33 келіде топ жарған Алмас Хинекин мен 46 келіде қарсылас шақ келтірмеген Оңғарсын Ерсін облыс чемпионы атанды. Енді олар 11 ақпан күні өтетін Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.

Кеңес Одағының үш дүркін чемпионы, әлем кубогі мен еуропа біріншіліктерінің жүлдегері, кезіндегі кеңес құрамасының аңыз спортшысы Каримжан Абдурахмановтың қолынан жүлде алған жас боксшыларымыз бұл додадан ерекше жігермен оралды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521