Үш спортшымыз облыс чемпионы атанды

Атырау қаласында кір тасын көтеруден өткен облыстық іріктеу чемпионатына Исатай ауданының да командасы қатысқан болатын.

Аталған жарыста аудан намысын қорғаған бір топ білекті жігіттеріміз бірқатар нәтижеге қол жеткізіп қайтты. Атап айтар болсақ, Өркен орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімдері Айбол Мұханбетов (+100 келіде) пен Бердібек Өмірбек (70 келіде), сондай-ақ, Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Балтабеков Дархан (78 келіде) жеңімпаз атанып, абыройымызды асырды. Ал, Исатай орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Құмашов Бердібек пен Исатай АПБ-нің кезекші көмекшісі, полиция старшинасы Умаров Нұрғуат (90келіде) 2 орынды иеленді.

95 келіде сынға түскен Өркен орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Қалиев Ғалымжан мен 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Исатай БЖСМ қызметкері Тілепов Өтеген үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаз атанған үш спортшымыз алда Ақтөбе қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521