Шахида -елдік сыннан қола жүлде иеленді

Түркістан облысында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Алты күнге созылған жылдың басты жарысына еліміздің барлық өңірінен 800-ге жуық сайдың тасындай іріктелген балуандар қатысты.

Өңіріміз бойынша облыс құрама сапында "Барыс" балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірті Шахида Амангелдіқызы 63кг салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алғашқы кездесуде түркістандық және алматылық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, кезекті белдесуде Қызылорда облысының балуанынан есе жіберіп алды. Ал, үшінші орын үшін болған тартысты бәсекеде Жетісулық қарсыласынан айласын асырып, жерлесіміз ҚР командалық чемпионатында қола жүлдегер атанды.Айта кетейік, жас спортшының бапкері Эльдар Сатанов.Ендеше,жас балуанның жауырыны жерге тимесін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521