"Жеңбесең неменеге шығасың?!". Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жекпе-жек алды күтпеген мәлімдеме жасады

Оның сөзінше, бокста бәрі болуы мүмкін.

- Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) қарсыласы мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 КО) алдағы жекпе-жекте нағыз шоу көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі 25 қаңтар Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды.

"Жекпе-жек туралы ұсыныс келгенде жаттығып жүргенмін және жақсы қалыптамын. Eye Of The Tiger компаниясыа осындай мүмкіндік үшін алғыс білдіремін. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасу үлкен абырой. Қарсыласымның кездесулерін тамашаладым. Болашағы үлкен боксшы, мықты жақтары көп. Бұл жекпе-жекте ол басым болады деп бекер есептемейді.

Дегенмен бұл бокс. Жеңетініңе сенбесең неменеге шығасың?! Жақсы дайындалдым, ынтам да зор. Көрермендерге үлкен шоу сыйлағым келеді" дейді Лара.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521