«Нарын таңы» газетінің тарихы
Қазіргі Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тұңғыш саны 1953 жылы ақпанның 18-і күні «Малшылар үні» деген атпен жарық көрді. 2018 жылы 18 ақпанда негізі қаланғанына 65 жыл толған аудандық газеттің сарғайған беттері, осы өткен жолдан түсінік беріп, ауыл тұрмысының, адамдар санасының қалай өзгергенінен сыр шертеді, аудан ел-жұртының еңбек және күрес жолын, қуаныш-мерейін, бастан өткерген қиын-қыстау шақтарын баяндайды.
1953-57 жылдар аралығында алғашқы кезеңде алдымен ауданның өз газетінің дүниеге келуі ауыл-аумақтағы әдеттен тыс оқиға болды. Тыңнан газет шығарып, уақыттың талабы мен алда тұрған міндеттерді бейнелеген сөздерін бейнетқор шаруаға жеткізе білген жандардың, ізашарлардың еңбегіне баға жетпейді. «Малшылар үнінің» 5 жылда шыққан 561 санынан алғашқы редакторлар Төлеген Сатқанбаев пен Мүтәлі Шәріповтың, жауапты хатшы Ғалымжан Үбеновтің еңбектері айқын танылады. Осыларды ашықтаумен газет беттерінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы мехнаты мол, сұрғылт та мимырт тіршілік кешкен ауыл өмірінің бейнесі жасалған. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдары мен оған ілісе аудан өңірінде атқарылған ұлан-ғасыр өзгерістер, әсіресе ауыл шаруашылығын өрге бастыру бағытында жасалған қадамдар газет беттерінде кеңінен көрсетіліп отырды.
20 жылдай үзілістен соң, 1977 жылғы қазанның бірінде «Нарын таңы» деген атпен қайта шыққан аудандық басылымның екінші өмірі сол уақытта өрлеу, кейінірек келе тоқырау аталған осы бір кезеңдегі ауданның өндірісі, транспорты мен құрылысы, ауыл шаруашылығы салаларында қол жеткен табыстар, олардағы социалистік жарыс пен озаттар өнегесі, мәдениеттегі, білім беру мен денсаулық сақтаудағы өрелі істердің кеңінен жариялануы қамтамасыз етілді. 1988 жылдың тамыз айына дейін шыққан газет бетінде осы кезеңде үзбестен редактор болған Қуандық Батыровтың, редакцияда қызмет жасаған Мәди Өтеғалиев, Жайнарбек Бержанов, Нұралы Әжіғалиев, Сейілхан Қайыржанов, Күзембай Әміров, Орынтай Исабаев, Жоламан Әбішев, Сағи Бәбиев, Қорлан Дүсіпова, Шәмшия Жұбатова және басқа қаламгерлердің қолтаңбасы бар.
Газет жылнамасындағы үшінші кезең аудан батыр баба Исатай атын алып, қайтадан құрылуына байланысты 1991 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Заман мен қоғамдағы өзгерістерге орай газеттің беталыс бағдары мүлдем жаңа сипатқа ие болды, тақырып мазмұны, материалдар стилі өзгерді. Ортақ ой бөлісу қамындағы, көкейтесті мәселелерді қозғайтын, өзіндік көзқарастарын білдіретін, пікір алуандығын аңдататын жарияланымдар көбірек беріле бастады. Ұлттық қадір-қасиетімізді құрметтеп, салт-дәстүріміз бен халықтық әдет-ғұрыптарымызды, имандылықты өмірге орнықтыру мәселелесіне кең орын берілетін болды. Осының бәрінде өмір құбылыстарын ой-елегінен өткізіп, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру және оның күш-қуатын ұқыпты пайдалану, ақиқат ақпарат тарату парызы алғы кезекке шықты.
Аудан қайта құрылып, ер Исатай есімін иеленгенде 1991 жылдың 1 қаңтарынан өз оқырмандарымен қайта қауышқан газеттің редакторлығына Шапхат Хұсынов ағамыз (марқұм) тағайындалды. 17 жыл бойына аудан айнасына жетекшілік қылған білікті де білімдар басшының басылымды биік белеске көтере алғанын қалың оқырман қауымның әлі күнге ұмыта қоймағаны аян.
2007 жылдан беріде басылымның бас редакторлық қызметінде Дәулетқали Аруев, Бақытжан Жұмат, Фархад Балғожиев, Нұрым Ерғалиев және Нұрболат Нұғмановтар болды. Олардың қайсысы басылымға нендей жаңалық әкелді, қандай белеске көтерді дегенге келсек, ол өз алдына бір бөлек әңгіме әрі көбісі оқырманның көз алдында. 2018 жылы ақпанның 7-сінен бастап, 2021 жылдың маусым айына дейін жауапкершілік жүгі жетерлік бас редакторлық қызметті Аслан Мұратов қолға алған.
2021 жылы маусым айынан бастап бас редакторлық қызметте Нұболат Нұғыманов басшылық етуде.
Редакция құрамында 8 қызметкер жұмыс атқаруда.
Салихов Аяпберген Тілепбергенұлы.1961 жылы 20 желтоқсанда Атырау облысы, Бақсай ауданы, Бегайдар елді мекенінде дүниеге келген.
Мектепті 1979 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында бітірген. 1981-1983 жылдар аралығында Ресей елінің Свердловск облысында Кеңес әскері қатарында болған. Білімі жоғары. 1988-1993 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. 1993 жылдың 1 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін үзіліссіз Исатай аудандық «Нарын таңы» қоғамдық-саяси газетінде қызмет етіп келеді. Қатардағы әдеби қызметкерден бастап, әр жылдары бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып жасаған. Қазіргі таңда бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы болып қызмет етеді.
Марапаттары: «ҚР Мәдениет қайраткері». «Ақпарат саласының үздігі», облыс әкімінің «Тауман Амандосов атындағы сыйлығының лауреаты». Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Әр жылдары аудан, облыс әкімінің, ішкі саясат, мәслихат, Қазақстан Журналистер Одағынан, «Атырау-Ақпарат» ЖШС атынан алған Құрметті грамоталары мен Алғыс хаттары бар. Отбасылы. 1 қыз, 1 ұлы бар.
Дәулетияр Жоламан Отарғалиұлы 1963 жылдың 15 қаңтарында Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Тұщықұдық ауылында(қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы) дүниеге келген.
1980 жылы Максим Горький (қазіргі Жұмабай Мырзағалиев) атындағы орта мектепті бітірген.
1981-1983 жылдары Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.
Алғашқы еңбек жолын 1980 жылы аудандық "Нарын таңы" газеті редакциясында корректорлықтан бастады. Әскерден соң "Гурьевсельстрой" тресінің құрылыс ұйымдарында қызмет қылып, 1991 жылы баспасөз саласына қайтып оралып, күні бүгінге дейін аудандық "Naryn tany" газетінде журналистік қызметін жалғастырып келеді. ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері (2011 ж) , "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен, Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одоғы төс белгісімен (2013 ж) , Исатай ауданының Құрмет грамотасы (2013 ж), "Исатай ауданына 90 жыл" мерейтойлық төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының Тұрар Құрманғалиев атындағы жүлдесінің, "Атырау-Ақпарат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша "Үздік Журналист-2017" аталымының жеңімпазы. Сондай-ақ, аудан, облыс әкімдерінің, аудандық, облыстық мәслихаттардың алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Отбасылы.
Қайыр Сағыныш Сайлаубайқызы тілші 1998 жылы 3 қыркүйекте Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Тайсойған ауылында Ғ.Сланов атындағы орта мектепті бітірген. Білімі жоғары. 2016-2020 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы университетін журналистика мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. 2022 жылдың 3 қазанынан бастап аудандық "Нарын таңы" қоғамдық-саяси газетінде қызмет етуде. Отбасылы. 1 ұлы бар.
Жайна Мәлімқожа тілші,2001 жылы 2 сәуір күні Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылында дүниеге келген. Ғибатола Мәсәлімов атындағы орта мектептің түлегі. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде журналистика мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған. 2021 жылы журналистика пәнінен республикалық ХІІІ Олимпиаданың қатысушысы.
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында өткен онлайн-журналистика курсының вебинарлар сериясынан өткен. Еңбек жолын облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінен сәтті бастап, «Нарын таңы» газетінде жалғастыруда. Тұрмыс құрмаған.
Даулетияров Нұрғабыл Жоламанұлы, 1987 жылдың 13 тамызында Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында дүниеге келген. 2005 жылы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебін, 2008 жылы Атырау политехникалық колледжін тәмамдаған. 2013 жылдың қазан айынан бері Исатай аудандық "Нарын таңы" газетінде "Бет құрушы-дизайнер" болып қызмет атқарып келеді. "Атырау-Ақпарат" ЖШС бойынша "Үздік бет құрушы-2016" аталымының жеңімпазы. Отбасылы.
Хасанова Нұрсая Қайратқызы. 2000жылы 17 қаңтарда Атырау облысы,Исатай ауданы,Тұщықұщық ауылында дүние есігін ашқан.2017 жылы Жұмабай Мырзағалиев мектебінің түлегі. Білімі жоғары. Қазақстан инновациялық - технологиялық университетін жерге орналастыру мамандығы бойынша оқыған. Қәзіргі таңда,’’Нарын таңы’’ қоғамдық-саяси газетінің жарнама менеджері болып жұмыс жасауда. Тұрмыс құрған.
Орынбасар Балманов 1965 жылы 27 наурызда Атырау облысы, Исатай ауданы Аққыстау селосында дүниеге келген. 2021 жылдан бастап "Нарын таңы" ұжымында көлік жүргізуші қызметін атқарып келеді.
«Нарын таңы» - Исатай ауданының қоғамдық-саяси газеті
Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС
Директоры: Біркенов Жасын Ерсінұлы
Бас редактор: Нұғыманов Нұрболат Амангелдіұлы
Бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы: Салихов Аяпберген Тілепбергенұлы
Журналистер: Жоламан Дәулетияр, Жайна Мәлімқожа, Сағыныш Қайыр
Бет құрушы-дизайнер: Нұрғабыл Жоламанұлы
Жарнама менеджері: Нұрсая Хасанова
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.
Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.
Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.
Электронды пошта:
Instagram: @naryntany