- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Аудан
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 138
Кәсіподақ – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтып, еңбек адамының құқығы мен әлеуметтік мүддесін қорғауға ықпал ететін маңызды қоғамдық институт. Әр саланың өзіне тән ерекшелігі болғанымен, барлығын біріктіретін ортақ мәселе бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» деген болатын. Ал еңбек адамына түсетін қиындықты жеңілдетуде, қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғауда кәсіподақтың атқарар жүгі жеңіл емес. Еліміз еркіндік алып, іргесі бекігелі қарапайым еңбек адамының кәсіподаққа сенімі арта түскендей. Тоқырау кезеңінде басқа қоғамдық ұйымдар тарап кеткенде, еңбек адамдарының қасында өз міндетін атқарып, тек кәсіподақ қалған болатын. Ол – еңбек адамының лайықты жағдайы, қауіпсіздігі және әлеуметтік қорғалуы. 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтарының күніне орай әр саланың кәсіподақ ұйымдарының өкілдерін «дөңгелек үстел» басына жинағандай, еңбек ұжымдарының бүгінгі мәселелері мен кәсіподақтың қоғамдағы рөлі туралы ойларын ортаға салуды жөн көрдік.
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Аудан
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 183
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның талғамы мен танымын, ойы мен көзқарасын қалыптастыратын тұлға. Ал кітап – осы жолдағы ең сенімді рухани серік. Өйткені ұстаздың өзі кітаппен дос болса, оның шәкіртке деген ықпалы да тереңдей түседі. Кітап оқуды насихаттаудың ең әсерлі жолы – «оқы» деп айту емес, өзің оқып, өзің үлгі болу. Бүгінде жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл ретте мектептегі ұстаздың орны айрықша. Себебі кітапқа құмар ұстаздың айналасында оқуға ынталы шәкірттің қалыптасуы заңды. Осындай ізгі ұстанымды берік қалыптастырып келе жатқан мектеп-гимназияның жас мұғалімдері арасында кітап оқуды ортақ дәстүрге айналдырған «Майдандастар» оқырман клубы жұмыс істейді.
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Аудан
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 128
Мемлекетіміздің келешегі - жастарды Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу қай уақытта да басты борыш саналған, қазіргі күні де солай. Бүгінгі білім жүйесінде де басты назар аударатын тәрбие салаларының бірі – осы отансүйгіштік тәрбие. Бұл борыш, ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру - өскелең өмір талабынан туындап отырған талап. Қазіргі таңда қоғамда «қазақстандық отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуі де содан.
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Аудан
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 158
Жүрек ауырғанда ғана оның бар екенін сеземіз. Ал оған күн сайын түсіп жатқан салмақты көп жағдайда байқамаймыз. Таңғы асығыс тірлік, түнгі ұйқының қысқаруы, қозғалыстың азаюы, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, қан қысымының жоғарылауы – бір қарағанда бір-біріне қатысы жоқ әдеттер сияқты. Алайда олардың әрқайсысы жүрекке түсетін жүктемені арттыра береді. Ең алаңдатарлығы – жүрек-қан тамырлары аурулары бұрын көбіне егде жастағылардың дерті саналса, бүгінде еңбекке қабілетті, тіпті жас адамдардың арасынан да жиі кездесіп отыр.
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Аудан
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 94
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру мен педагог мәртебесін көтеруді мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ретінде үнемі атап келеді. Өйткені елдің ертеңгі зияткерлік әлеуеті де, саналы әрі білімді ұрпақтың қалыптасуы да ұстаз еңбегімен тікелей байланысты. Осы орайда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «USTAZ FEST 2026» мерекелік шарасы өтіп, білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсетілді.


