Ауылдағы ашық диолог: Конституция жобасы назарда

(0 Votes)

Қамысқала ауылдық мәдениет үйінде Жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесуге аудандық «Нарын таңы» газетінің редакторы Жайна Мәлімқожа да қатысып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты түсіндіріп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділдікті нығайтуға және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өттім.

Тұрғындар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе әлеуметтік қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, жер мәселесі және жергілікті басқару тиімділігі жөнінде мазмұнды ойлар айтылды. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, тиісті деңгейде жеткізілетін болады.

Конституция – елдің басты құжаты ғана емес, ол халықтың ортақ келісімі мен болашаққа деген бағытын айқындайтын негізгі құндылық. Сондықтан осындай ашық кездесулер халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдағы белсенділікті арттыра түседі.

Қамысқала ауылы тұрғындарының азаматтық ұстанымы мен белсенділігі үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да ел мүддесі жолында бірлесе жұмыс істеуге дайынмын.

 

Әнес Сидеғалиев,

Исатай аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT