Атырау облысы бойынша Еңбек мобильді орталығы КММ-нің Исатай аудандық мансап орталығының директоры лауазымына Балмулдина Ақтоты Шарапиденқызы тағайындалды.
Ақтоты Шарапиденқызы 1982 жылы Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдап, білімін тәжірибемен ұштастырған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де іс жүргізуші қызметінен бастаған. 2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте, соңғы жылдары сол мекемеде бас маман болып қызмет атқарған.
Балмулдина Ақтоты еңбекқор және өз ісіне адал маман ретінде танымал. Оның жаңа лауазымында аудан жастарының мансаптық дамуына ерекше көңіл бөліп, әр азаматтың мүмкіндіктерін ашуға атсалысатынына сенім мол.
Өз тілшіміз


