Жаңа Конституция елдің болашағына бағытталған стратегиялық бағдар ретінде ұсынылады. Ондағы ең басты басымдық білім, ғылым және инновацияға беріліп, олар мемлекеттің дамуының өзегі ретінде айқындалған.
Ел табысының табиғи ресурстарға емес, азаматтардың білімі мен жетістіктеріне тікелей байланысты екені көрсетіліп, адам капиталына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар өнертабыстар мен авторлық құқықты қорғау күшейтіліп, зияткерлік меншіктің маңызы артады.
Цифрландыру мен инновациялық даму мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналып, болашақ Қазақстан білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге негізделген мемлекет ретінде сипатталады.
Мөлдір ТАБИҒАТҚЫЗЫ,
тәрбиеші
Зинеден ауылы



