Қызылорда облысында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы білім, ғылым және жоғары технология саласына инвестиция салу – ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар міндет екенін нақты атап өтті. Бұл пікірді білім беру жүйесіне қойылған айқын талап әрі нақты бағыт-бағдар деп қабылдаймыз.
Президенттің «құр уәде мен көзбояушылыққа жол берілмеуі тиіс» деген сөзі әдістемелік қызметтің мазмұнын қайта қарауды қажет етеді. Әрбір жоспарланған іс-шара нақты нәтижеге, оқыту сапасының артуына және педагогтердің кәсіби дамуына қызмет етуі тиіс.
Цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу – сән қуған ұран емес, білім беру процесін жеңілдетіп, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал.
Ұлттық құрылтай мінберінде айтылған талаптар бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Білім саласындағы әрбір бастама нақты көрсеткіштермен өлшеніп, оқушыға берер пайдасымен бағалануы тиіс.
Света Жарылгасова,
Исатай аудандық білім бөлімінің әдіскері



