Алаяқтыққа қарсы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Фото: Видеодан алынған скрин

 

11 ақпан күні интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Х.Ерғалиев ауылында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебінің, Новобогат орта мектебінің, «Айжұлдыз» бөбекжай-бақшасының және «Аққу» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық түрлері, олардың жасалу тәсілдері және одан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жалған банк қызметкерлері арқылы жасалатын қоңыраулар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелер, онлайн несие рәсімдеу жағдайлары, жеке деректерді заңсыз иемдену фактілері жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, күдікті жағдай туындаған кезде қандай әрекет жасау керектігі, құқық қорғау органдарына жедел хабарласудың маңыздылығы айтылды.

 

 

Жиын өткізушілер:
🔹 Исатай аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Нұрмұханбетов Дулат Болатұлы;
🔹 Исатай аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дюсенбаев Ербол Уркенович;
🔹 Исатай аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ұзақбаев Ербол Сабыржанұлы.

Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, интернет кеңістігінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша практикалық кеңестер ұсынылды. Әсіресе, жеке мәліметтерді ешкімге бермеу, банк картасының деректерін құпия сақтау, белгісіз сілтемелерге өтпеу және күмәнді хабарламаларға сенбеу қажеттігі ерекше атап өтілді.

 

 

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және қоғамда қауіпсіздік деңгейін күшейту. Осындай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

https://www.facebook.com/share/r/1Aigg4aukA/

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT