Ұсынылған жобада отбасы құндылықтарын қорғауға баса назар аударылуы – қоғамның тұрақтылығы үшін өте маңызды. Менің ойымша, мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту – демографиялық өсім мен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Отбасы – мемлекеттің тірегі.
Балалардың құқығын қорғау және оларға сапалы тәрбие беру мәселесі – жалпыұлттық міндет. Конституциядағы бұл тармақтар әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттырады. Мұндай қадамдар әлеуметтік әділдікті орнатудың басы деп білемін.
Жалпы алғанда, отбасы институтын қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізі. Менің пайымдауымша, бұл өзгерістер қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайта түседі.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі



