Конституцияның жаңа жобасы – мемлекеттің даму философиясын жаңаша пайымдаудың айқын көрінісі. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының басты құндылық ретінде айқындалуы қоғамның әділетке, заң үстемдігіне деген сұранысына нақты жауап береді.
Реформаның ашық талқыланып, азаматтардың ұсыныстары ескерілуі – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын маңызды қадам. Жаңа Ата Заң Қазақстанның болашағын табиғи ресурстармен емес, білімді, саналы және жауапты азаматтармен байланыстыратынын көрсетеді.
Сонымен қатар, Конституция жобасындағы саяси институттарды жаңғырту, қоғамдық диалогты күшейту және құқықтық кепілдіктерді кеңейтуге бағытталған нормалар елдегі тұрақтылық пен даму арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер қоғамды басқарудың формальды емес, мазмұнды әрі әділетті моделіне көшуге негіз қалайды.
Әмірхан ЗИНЕДЕНОВ,
Атырау өңіріндегі «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жайық» МГӨБ-тің Забурын кен орнында орналасқан өндірістік медициналық пунктінің фельдшері



