Ата Заңның жаңа жобасы: халық мүддесіне бағытталған өзгеріс

 

Мен жаңа Конституцияның жарияланған жобасын толық әрі саналы түрде қолдаймын. Бұл құжат – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басуға мүмкіндік беретін, заман талабына толық жауап беретін стратегиялық маңызы бар Ата Заң деп есептеймін. Қоғамдағы өзгерістер мен жаһандық үрдістерді ескере отырып әзірленген бұл Конституция Қазақстанның болашағын айқындайтын берік құқықтық негіз қалыптастырады.

Атап айтқанда, білім беру, мәдениет, ғылым және инновация салаларының басымдық ретінде белгіленуі – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция. Бұл бағыттар мемлекеттің тек бүгінгі емес, ертеңгі дамуын қамтамасыз ететін басты тіректер екені анық.

Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының күшеюі, әлеуметтік әділеттіліктің орнығуы, заң үстемдігі қағидаттарының нығаюы айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы теңгерім мен өзара бақылау тетіктерінің жетілдірілуі, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру – демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.

Ең бастысы, бұл Ата Заң халықтың мүддесіне қызмет етуге, әр азаматтың дауысы мен құқығын қорғауға бағытталған. Қарапайым адамның әл-ауқаты, қауіпсіздігі мен болашағы осы құжаттың өзегіне айналуы – оның басты құндылығы деп білемін.

Мен елінің тағдырына бейжай қарамайтын азамат ретінде жаңа Конституция жобасын қолдаймын және барша жұртты оның мәтінімен мұқият танысып, өз ой-пікірін, ұсынысын ашық әрі белсенді түрде білдіруге шақырамын. Себебі ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдауы – нағыз демократияның, азаматтық жауапкершіліктің және бірліктің айқын көрінісі.

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT