Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі өзінің тиімділігін айқын көрсетті. Мұндай тәсіл мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, заманауи инфрақұрылымы бар, сапалы қызмет көрсететін орталықтардың санын арттыруға мүмкіндік берді. Жеке сектордың икемділігі мен басқарудағы тиімділігі балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға оң әсерін тигізуде.
Осы оң тәжірибені еліміздің барлық аймақтарына кеңінен тарату маңызды. Аймақтарда жеке инвестицияларды тарту арқылы қосымша білім беру және дамыту орталықтарын ашу балаларға қолжетімді ортаны қалыптастырып, ата-аналардың сұранысын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл өңірлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.
Жеке инвесторлардың білім және бала дамуы саласына белсенді қатысуы аталған саланың сапалық тұрғыдан өсуіне серпін береді. Мемлекет пен жеке сектор арасындағы тиімді әріптестік инновациялық бағдарламаларды енгізуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін толық ашуға жол ашады. Нәтижесінде, болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті әрі жан-жақты дамуына берік негіз қаланады.
Рафиғат ТАЖИДЕНОВА,
Қамысқала ауылдық округінің әкімі



