Болашаққа бағытталған Конституциялық реформа

 

Жаңа Конституцияның басты басымдықтары білім, ғылым, мәдениет және инновацияны негізгі бағдар ретінде көрсетуі – елдің болашағына стратегиялық инвестиция болып табылады. Менің ойымша, бұл қадам Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және интеллектуалды дамуын жеделдетеді.

Адами капитал арқылы дамуды басты бағытқа шығару ел азаматтарының білімін, дағдыларын және қабілеттерін дамытуға ерекше мән беруді көрсетеді. Бұл азаматтарды ынталандырады және қоғамның кәсіби әлеуетін арттыруға көмектеседі. 

Цифрлық ортада құқықтарды қорғау нормалары енгізілуі – заманауи технологияны тиімді пайдалану арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Менің ойымша, бұл шара елдің құқықтық мәдениетін нығайтып, цифрлық әділеттілікті сақтауға мүмкіндік береді.

Адам құқықтары Конституцияның басты бағыты ретінде бекітілгені – қоғамдағы негізгі құндылықтарды қорғаудың кепілі болып табылады. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заң деңгейінде қамтамасыз етеді.

 

Анжела АТАНТАЕВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Зинеден ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT