Қазақстан Республикасында діни ұйымдардың қызметі Конституция мен қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылады. Бұл талаптар зайырлы мемлекеттің қағидаттарын сақтауға, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған. Діни бірлестіктердің еркін қызмет етуі азаматтардың ар-ождан бостандығын іске асыруының маңызды кепілі болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекет діни қызметтің қоғам өміріне теріс әсер етуінің алдын алу мақсатында белгілі бір шектеулер қоя алады. Мұндай шектеулер конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, ұлттық қауіпсіздікті сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Әсіресе, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін немесе қоғамның адамгершілік құндылықтарына қайшы келетін әрекеттерге тосқауыл қою – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Заң шеңберінде реттелген діни қызмет қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл ретте мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік маңызды рөл атқарады. Діни бірлестіктер өз қызметін заң талаптарына сай жүргізе отырып, қоғамның рухани дамуына, толеранттылық пен келісім мәдениетін қалыптастыруға үлес қоса алады.
Қорытындылай келе, діни ұйымдардың қызметін заң аясында жүзеге асыру – Қазақстанның тұрақты дамуының, қоғамдық келісім мен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды кепілі болып табылады. Бұл талаптар азаматтардың сенім бостандығын шектеу емес, керісінше, қоғамның ортақ мүддесін қорғауға бағытталған маңызды тетік ретінде қарастырылуы тиіс.
Нұргүл ХАЙРУЛЛАЕВА,
Исатай аудандық кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы



