Елдің үмітін ақтайтын кез келді

 

Сыр өңірінде өтіп жатқан Бесінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Президент өз сөзінде алдағы жоспарланған реформалардың сәтті әрі нәтижелі жүзеге асуы ең алдымен қоғамның рухани құндылықтарына, білім деңгейіне және мәдени әлеуетіне тікелей байланысты екенін басымдықпен атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық өсім мен қаржылық тұрақтылық маңызды болғанымен, олар рухани негізсіз толыққанды нәтиже бере алмайды.

Мемлекет басшысы мәдениет пен білімді қатар дамыту арқылы ғана жеке адам мен тұтас қоғамның санасын қалыптастыруға болатынын ерекше атап өтті. Білімді, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, рухани тұрғыдан кемелденген ұрпақ – елдің берік тірегі. Осыған байланысты руханиятқа бағытталған саясат қысқа мерзімді емес, ұзақ уақытқа арналған тұрақты нәтижелерге жеткізетінін айтты. Мұндай саясат қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырады.

Сонымен қатар, Президент ұлттық бірегейліктің артуы мемлекеттің ішкі тұрақтылығын күшейтетін маңызды фактор екенін атап өтті. Тарихи сананы жаңғырту, салт-дәстүрді сақтау, ана тілін дамыту – ұлттық тұтастықтың негізі болып табылады. Осындай құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғам рухани жағынан қуатты болып, түрлі сын-қатерлерге төтеп бере алады.

Мемлекет басшысы рухани қолдауды жүйелі түрде жүзеге асыруды болашаққа жасалған маңызды инвестиция ретінде бағалады. Бұл бағытта әр азаматтың саналы түрде атсалысуы елдің тұрақты дамуына, жарқын болашағына жол ашатынын жеткізді.

 

Рафиғат ТАЖИДЕНОВА,
Қамысқала ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT