Электр қуаты тұрақты әрі жеткілікті көлемде енгізілмесе, жасанды интеллектіні енгізу мен жаппай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін болмайтыны анық. Менің ойымша, бұл мәселе тек техникалық қана емес, стратегиялық маңызы бар. Электр энергиясы инфрақұрылымның негізі болып табылады, ал цифрлық жүйелердің сенімді жұмысы тек тұрақты энергиямен қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Мысалы, егер қуат жеткіліксіз болса, жасанды интеллект жүйелері үзіліссіз жұмыс істей алмайды, мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық платформаларда кідірістер туындайды. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасын төмендетіп, сенімге кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, цифрландыру процесінің кешігуі экономикалық өсімді тежейді, инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту мүмкіндігін азайтады.
Менің ойымша, электр қуатын дамыту – жасанды интеллект пен цифрлық реформаларды тиімді жүзеге асырудың басты шарты. Бұл бағытта жоспарлы жобаларды іске асыру, энергия желілерін жаңарту және қуатты жеткілікті көлемде тарату аса маңызды.
Еммат АЗЕРБАЕВ,
Исатай аудандық мәслихаттың депутаты



