Исатай ауданында «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

 

Атырау облысы, Исатай ауданында 8–10 қаңтар күндері аралығында «Жалған нөмірлер» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

жалған, өзгертілген немесе талапқа сай келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын анықтау;

жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Аталған іс-шара барысында Исатай ауданының Аққыстау, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Жанбай, Нарын, Исатай және Зинеден ауылдық округтерінде LED-экрандар арқылы ақпараттық хабарламалар орналастырылуда.

Құрметті жүргізушілер!

Заң талаптарын сақтауға, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің талапқа сай болуына және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT