Жаңа Конституция – еліміздің саяси және құқықтық дамуына серпін беретін маңызды құжат. Ол халықтың еркін білдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді.
Конституцияда әділдік, заңның үстемдігі және жауапты мемлекет қағидаттары айқын көрініс табады. Билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдағы теңдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа нормалар ел басқару жүйесін жаңғыртып, демократиялық құндылықтарды дамытуға жол ашады. Бұл Конституция – болашақ ұрпақ үшін тұрақты әрі әділетті қоғам құрудың берік негізі.
Асқар АБУОВ,
Нарын ауылдық округінің әкімі



