Мемлекет басшысының көлік-логистика кешенін дамытуға қатысты айтқан пікірі – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне берілген нақты әрі орынды баға. Расында да, көлік инфрақұрылымы дамымай, ел экономикасының тұрақты өсуі мен өңірлердің тең дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Президент атап өткендей, Қазақстанның географиялық орналасуы бізге зор транзиттік мүмкіндік береді. Еуропа мен Азияны жалғап тұрған еліміз үшін бұл әлеуетті толық пайдалану – стратегиялық міндет. Осы бағытта қолға алынған автокөлік жолдары мен теміржолдардың салынуы, вокзалдар мен порттардың жаңғыртылуы, мультимодальды тасымалдың дамуы – экономиканы әртараптандыруға және халықаралық сауда байланыстарын кеңейтуге тың серпін береді.
Әсіресе, автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту мәселесінің көтерілгені маңызды. Бұл тек жүк тасымалын жеңілдетіп қана қоймай, өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, халықтың өмір сапасын арттыруға да ықпал етеді. Сондықтан көлік-логистика саласын жүйелі дамытуға бағытталған бұл бастамалар елдің ұзақмерзімді дамуы үшін берік негіз қалайды деп сенеміз.
Алмас АХМЕТҚАЛИ,
кәсіпкер



