Қоғам дамуының екі тірегі: зайырлы мемлекет және отбасы тәрбиесі

 

Зайырлылық пен отбасы құндылықтары – қоғамның тұрақтылығы мен рухани дамуының өзара үйлескен екі маңызды тірегі. 

Зайырлы мемлекет әр азаматтың сенім бостандығын, тең құқығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз етеді. Бұл – қоғамдағы татулық пен өзара құрметтің негізі. Ал отбасы құндылықтары адамгершілікке, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, ұлттың болмысын сақтауға ықпал етеді.

Сондықтан зайырлылық дәстүр мен отбасы институтына қарсы емес, керісінше, әр отбасының өз құндылығын еркін ұстануына жағдай жасайды деп есептеймін.

Менің ойымша, қоғам дамуы үшін заңға негізделген зайырлы жүйе мен берік отбасы тәрбиесі қатар жүруі қажет, сонда ғана саналы, тәрбиелі әрі жауапты ұрпақ қалыптасады.

 

Кабира КАЮМОВА,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT