Қоғамдық келісім мен ашықтық – ел дамуының кепілі

 

Халқымызда «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген ата-бабамыздан қалған терең мағыналы нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында бірлік, өзара түсіністік пен ақылдаса отырып қабылданған шешімнің әрдайым оң нәтижеге жеткізетіні айқын көрініс табады. Қоғамдық мәселелерді талқылауда да осы қағидатты басшылыққа алу – ел дамуының маңызды шарты.

Осы тұрғыдан алғанда, Халық кеңесінің негізгі міндеттері мен ұстанымдарының нақты әрі айқын түрде бекітілуі еліміз үшін аса тиімді болары сөзсіз деп ойлаймын. Халық кеңесі – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір іспеттес маңызды алаң. Бұл құрылым арқылы азаматтардың пікірі мен ұсыныстары ескеріліп, маңызды шешімдер қабылдау барысында халықтың үні тікелей жетеді. Мұндай ашық диалог қоғамдық келісімді нығайтып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Халық кеңесінің қызметі әртүрлі әлеуметтік топтардың мүддесін үйлестіруге, ортақ мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ақылдаса отырып, бірлесе қабылданған шешімдер қоғамның сенімін арттырып, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына жол ашады. Бұл өз кезегінде демократиялық құндылықтардың дамуына және әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Халық даналығында айтылғандай, келісім мен бірлікке негізделген кез келген іс берекелі болады. Халық кеңесінің нақты міндеттермен жұмыс істеуі – ел болашағы үшін маңызды әрі дұрыс қадам деп есептеймін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT