Жаңа Конституция – егемен еліміздің жарқын болашағының айнымас кепілі. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтып, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінің берік құқықтық негізін қалыптастырады. Конституцияда белгіленген қағидаттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және демократиялық құндылықтарды орнықтыруға бағытталған.
Еліміздің басты байлығы – халықтың бірлігі, ұлт пен ұлыстың татулығы. Қазақстанда өмір сүріп жатқан сан түрлі этностардың өзара сыйластығы мен келісімі қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі тірегі болып табылады. Бұл құндылықтар Конституцияда нақты көрініс тауып, барша азаматтардың тең құқылы екендігін айқындайды.
Бірлік пен татулықты сақтау – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. Осы жолда Конституция бізге бағыт-бағдар беріп, ортақ мақсаттарға ұйыстырады. Тұрақты қоғам мен бейбіт өмір – елдің экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының басты шарты.
Жаңа Конституция еліміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың ауызбіршілігін арттырып, болашақ ұрпақ үшін берік, тұрақты әрі әділетті Қазақстанды құруға негіз болады.
Рафиғат ТАЖИДЕНОВА,
Қамысқала ауылдық округінің әкімі



