Конституциялық комиссияның негізгі міндеті – Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды зерттеп, талдау жүргізу болды. Комиссия құрамына 130 адам кірді. Мүшелер қатарында құқықтанушы ғалымдар, мәслихат төрағалары, Ұлттық Құрылтай өкілдері, аймақтық қоғамдық кеңестердің өкілдері, сарапшылар мен ғылыми орта, БАҚ басшылары және басқа да мамандар бар.
Менің ойымша, комиссияның әртүрлі салалардан келген мүшелерінің қатысуы реформаның жан-жақты және сапалы жүргізілуіне мүмкіндік береді. Комиссияның жұмыс органы – ҚР Конституциялық Сотының аппараты.
Барлық отырыстар ашық өткізілді. Танымал заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам белсенділері, депутаттар, саясаттанушылар талқылауға қатыса алды. Бұл әдіс арқылы халық пікірін тыңдап, реформаның ашықтығын қамтамасыз ету көзделді.
Менің ойымша, ашықтық пен қатысушылық принциптері Конституциялық реформаның тиімділігін арттырады. Комиссия жұмысы тікелей эфирде көрсетіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі жарияланды.
Жазира МЕРТАЙҚЫЗЫ,
тәрбиеші
Зинеден ауылы



