ҚР Ата заңы жобасының негізгі жаңалықтары елдің құқықтық жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару құрылымын тиімді әрі әділ етуге бағытталған. Жоба адам құқықтарын қорғауды басты принцип ретінде қарастырады, яғни әрбір азамат өз заңды құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады, заң алдында теңдігі қамтамасыз етіледі, жеке өміріне қол сұғылмауы және әділ сотқа қол жеткізу құқықтары нақты қорғалады.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы билік тармақтарының тепе-теңдігі мен өзара тежемелік принциптерін күшейтеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өкілеттіктері айқын бөлініп, олардың өзара үйлесімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекет басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, биліктің бір қолда шоғырлануына жол бермейді.
Ата заңы жобасында әділетті, ашық басқару қағидаттары да маңызды орын алады. Мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығы күшейтіліп, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұл халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, демократиялық құндылықтардың дамуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, ҚР Ата заңы жобасы – құқықтық мемлекет құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат. Ол Қазақстанның саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуы үшін берік негіз болады.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі



