Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай елдік ойдың салмағын, сөздің жауапкершілігін айқын сездірді. Құрылтай мінберінде айтылған пікірлер бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтып қана қоймай, ұзақмерзімді даму бағытын нақтылап берді. Бұл – жай пікір алмасу емес, ел тағдырына қатысты байыпты кеңес, ортақ ақылдың көрінісі болды.
Сыр өңірінің тарихы мен рухани салмағы Құрылтайдың мазмұнын одан әрі тереңдете түсті. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, инвестиция, экология және су қауіпсіздігі секілді тақырыптардың бір арнада тоғысуы – қазіргі саясаттың кешенді сипатын аңғартты. Әсіресе, Арал мәселесінің қайта күн тәртібіне шығуы – мемлекет деңгейінде бұл түйткілдің назардан тыс қалмағанын көрсетеді.
Құрылтай барысында айтылған нақты деректер мен жоспарлар сөз бен істің өзара сабақтас екенін дәлелдеді. Аймақтың даму қарқыны, жүзеге асқан жобалар мен алдағы міндеттер елдің өңірлік саясатының жүйелі түрде іске асып жатқанын аңғартады.
Жалпы, Қызылордадағы Ұлттық құрылтай – ұлттық мүдде мен тарихи жауапкершілік тоғысқан маңызды алаң болды. Бұл жиында көтерілген бастамалар мен ойлар ел дамуының жаңа кезеңіне сенімді қадам жасауға негіз қалайды.
Жанаргүл ҚАПАЖАНОВА,
"Нұршуақ" бөбекжай- бақшасының басшысы



