Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жүргізіліп жатқан реформалардың шынайы әрі тұрақты нәтижесі қоғам санасының жаңаруымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, кез келген өзгеріс тек заңдар мен бағдарламалар арқылы ғана емес, ең алдымен адамдардың дүниетанымы мен құндылықтар жүйесінің өзгеруі арқылы жүзеге асады. Қоғам санасы жаңармайынша, реформалардың тиімділігі толық көрінбейді.
Әрине, экономикалық өсім, өндірістің дамуы және әлеуметтік жағдайдың жақсаруы – ел дамуының маңызды факторлары. Алайда рухани құндылықтар ескерілмейінше, материалдық жетістіктер ұзақ мерзімді әрі сапалы нәтиже бере алмайды. Мәдениет пен білім беру саласы адам мен қоғамның санасын қалыптастыратын негізгі тетік болып табылады. Осы салалар арқылы ұлттың ой-өрісі кеңейіп, жауапкершілік, отансүйгіштік және адамгершілік қасиеттер нығаяды.
Руханиятқа басымдық беру – болашаққа салынған берік инвестиция. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс ұлттық бірегейліктің нығаюына, тарихи сана мен дәстүрдің сақталуына ықпал етеді. Ұлттық бірегейлігі берік ел ғана ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, сыртқы сын-қатерлерге төтеп бере алады. Сондықтан рухани даму мен мәдени құндылықтарды сақтау мемлекеттің ұзақ мерзімді, орнықты дамуының басты негізі болып табылады.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі



