Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шара өткізілді

Фото: Видеодан алынған скрин

 

2026 жылғы 18 ақпан күні Х.Ерғалиев ауылында орналасқан Новобогат орта мектебінің базасында 8–11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер және жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық жиын өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру болды.

Жиынға Исатай ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі У.Нурланов, ҚҚб УПИ-ы полиция аға лейтенанты Е.Ұзақбаев және ҚҚб кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ-ы полиция капитаны Б.Махмединов қатысып, оқушылармен ашық форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау саласының өкілдері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдарына кеңінен тоқталып, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткі құралдарын тарату фактілерінің алдын алу, буллинг және кибербуллинг мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің жауапкершілігі туралы нақты ақпарат берілді. Жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі жөнінде заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықбұзушылықтың болашағына кері әсері мысалдар арқылы баяндалды.

 

 

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Жалпы, өткізілген жиын өскелең ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Алдағы уақытта да осындай түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.

https://www.facebook.com/share/r/1AWet9hKee/

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT