Тариф саясаты – әділдік пен жауапкершілік өлшемі

сурет ғаламтордан

 

Президенттің тарифке қатысты ұстанымы – қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шешім. «Кім қанша тұтынса, сонша төлейді» қағидаты тариф саясатының негізгі өзегіне айналуы тиіс. Бұл тәсіл ресурстарды үнемді пайдалануға ынталандырып қана қоймай, төлем жүйесін барынша әділ етеді.

Сараланған тарифтердің енгізілуі әр азаматтың тұтыну көлеміне қарай төлем жасауына мүмкіндік береді. Төмен көлемде су мен электр энергиясын пайдаланатын тұрғындардың ең төмен тарифпен төлеуі – әлеуметтік әділдіктің нақты көрінісі. Ал шамадан тыс тұтыну үшін жоғары тариф белгілеу – ресурстарды орынсыз ысырап етудің алдын алатын тиімді тетік.

Тариф саясатының мұндай бағыты бұрынғы теңгерімсіз жүйеден бас тартып, нақты әрі түсінікті тәртіп орнатуға жол ашады. Бұл, ең алдымен, коммуналдық қызметтер саласында тәртіп пен ашықтықты күшейтеді.

Президент атап өткендей, тарифтер әділетті болуы керек. Әділ тариф – тұтынушының да, мемлекеттің де ортақ жауапкершілігін айқындайтын маңызды құрал.

 

Райымбек АМИРОВ,

“Атырау облысы Су Арнасы” КМК Исатай ауданы бойынша бөлім бастығы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT