Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Исатай ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.Оңғаров Тұщықұдық ауылы аумағында профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың белгіленген талаптарды сақтау жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар, тексеру кезінде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын қатаң орындау жөнінде түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Полиция қызметкері пробация есебінде тұрған азаматтарға қайта қылмысқа бармаудың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіп, заң аясында өмір сүрудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Заң_мен_тәртіп
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ



