Тұщықұдық ауылында рейдтік шара өтті

(0 Votes)

Таяуда Тұщықұдық ауылында жүргізілген профилактикалық тексеру – құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Исатай ауданы полиция бөлімінің ҚҚб-нің УПИ-ы, полиция аға лейтенанты Ж.Оңғаров пробация есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, олардың заң талаптарын сақтауын қадағалады.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу және олардың өмір сүру салтын бақылауда ұстау. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар барысында түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.

Қоғамдық тәртіпті нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұндай жүйелі бақылау мен алдын алу шараларының маңызы зор. Заң мен тәртіп – тұрақтылық кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT