Цифрландыру мен жасанды интеллект: ұран емес, нақты нәтиже құралы

ашық дереккөзден

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл пікірі мемлекеттік басқаруда формализм мен жалған есеп беруден арылып, нақты нәтижеге жұмыс істеу қажеттігін айқын көрсетеді. Президент атап өткендей, пиар-акциялар мен көз алдайтын көрсеткіштер қоғамға да, мемлекетке де пайда әкелмейді. Керісінше, мұндай тәсілдер мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендетіп, азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллект жылын жариялаудағы басты мақсат – сән қуалау немесе ұрандату емес, басқару жүйесін түбегейлі жақсарту болып отыр.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктейді. Бұл үдеріс әрбір мемлекеттік органның жұмысын қайта қарауды, ескі бюрократиялық тәсілдерден бас тартуды талап етеді. Президенттің айтуынша, атқарылған жұмыстың нәтижесі нақты көрсеткіштер арқылы бағалануы тиіс. Яғни, қабылданатын шешімдердің мерзімі қысқарып, қызмет көрсету үдерістері жеделдеп, мемлекеттік қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсаруы қажет.

Сонымен қатар, цифрландырудың басты артықшылығы – өнімділікті арттыруында. Автоматтандырылған жүйелер мен жасанды интеллект адам факторынан туындайтын қателіктерді азайтып, деректерге негізделген нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқарудың ашықтығын күшейтіп, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына жол ашады.

Президенттің бұл мәлімдемесі – мемлекеттік басқаруда сапалы өзгеріс жасауға бағытталған қатаң әрі нақты талап. Цифрландыру мен жасанды интеллект тек технологиялық жаңалық қана емес, ол – мемлекет пен азамат арасындағы өзара байланысты жақсартудың, тиімді және жауапты басқару жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы.

 

Надира ЕРБОЛҚЫЗЫ,

ағылшын пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT