«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі. Бұл – бір отбасының ғана емес, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселе.
Исатай аудандық полиция бөлімі жанындағы Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Әрбір арыз-шағым заң талаптарына сәйкес қаралып, кінәлі тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады.
Заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеудің басты кепілі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Төлегенова Динара Болатбекқызы,
Исатай АПБ ҚҚБ Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция капитаны


