Заң үстемдігі – адам құқығын қорғаудың берік кепілі

 

Заң үстемдік құрған мемлекетте ғана адам құқығы мен бостандығы лайықты деңгейде қорғалатыны – бұлтартпас ақиқат. Өйткені әділ заң мен оның мүлтіксіз орындалуы қоғамдағы тұрақтылықтың, сенімнің және өркениетті дамудың басты негізі болып саналады. Заң бәріне бірдей қызмет еткенде ғана азаматтар өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінеді.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, сапалы әрі қолжетімді білім алуына, адал еңбек етіп, табыс табуына құқықтық кепілдік береді деп сенемін. Мемлекеттің басты міндеті – адамның қадір-қасиетін құрметтеу және оның құқықтарын қорғау екенін Ата заң айқын көрсетеді.

Әсіресе әр адамның құқығының Конституция деңгейінде бекітілуі көңіл қуантады. Бұл – құқықтар мен бостандықтардың жай ғана ұран емес, нақты заңдық қорғаны бар құндылық екенін білдіреді. Ата заңмен шегеленген құқықтар азаматтардың еркін дамуына, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жол ашады.

Сонымен қатар, заң үстемдігі қағидаты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Қоғамда теңдік орнап, кез келген мәселе заң аясында шешілетін орта қалыптасады. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады.

Қорытындылай айтқанда, заң үстемдігіне негізделген жаңа Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі. Ол әрбір азаматтың жарқын болашағына, елдің тұрақты дамуына және қоғамдағы әділеттіліктің орнығуына қызмет ететін тарихи құжат болмақ.

 

Саябек ШАГИРОВ,

Исатай аудандық "Жалын" мәдениет үйінің директоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT