Жаңа кезең, жаңа талап: білім саласының жауапкершілігі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын маңызды ой-тұжырымдарға толы. Президент ұсынған реформалар қоғамның барлық саласын қамти отырып, ең алдымен адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған.

Бұл ретте білім беру жүйесінің орны ерекше. Өйткені жаңғырудың негізі – білімді, ойы еркін, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Сұхбатта айтылған әділетті қоғам, заң мен тәртіп қағидаттары мектеп қабырғасынан бастап қалыптасуы тиіс. Осы бағытта педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, оқу мазмұнын заман талабына сай жаңарту және тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлу – басты міндеттердің бірі.

Бүгінде білім саласында цифрландыру, жаңа әдістемелерді енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Президент көтерген бастамалар осы үрдістердің маңызын арттырып, сала мамандарына нақты жауапкершілік жүктейді.

Жалпы, Мемлекет басшысының бұл сұхбаты – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір маман үшін ой салатын, алға нақты мақсат қоятын бағдарламалық үндеу деп білемін.

 

Кенжегүл ХАМИДОЛЛАҚЫЗЫ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT