Менің пайымдауымша, жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі – ең басты жетістік. Конституциялық Соттың құрылуы және оған азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі әрбір қазақстандықтың өз құқығын қорғауға деген сенімін арттырады. Бұл құқықтық мемлекет құру жолындағы іргелі қадам деп білемін.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту — өте орынды шешім. Бұл мемлекеттің әрбір азаматтың тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Заң алдындағы теңдік принципінің іс жүзінде орындалуына осы өзгерістер тікелей ықпал етеді.
Жалпы алғанда, жаңа жоба азаматтық қоғамның дамуына серпін береді. Адам бостандығы мен қадір-қасиетінің басты құндылық ретінде танылуы — өркениетті ел болудың белгісі.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі



