Жаңа Конституция — елдің табысын тек табиғи ресурстардың көлемімен ғана емес, ең алдымен адам капиталының сапасымен, білім деңгейімен және зияткерлік әлеуетімен өлшейтін заманауи мемлекет құрудың берік негізі болып табылады. Бұл құжат қоғам дамуының жаңа бағытын айқындап, әрбір азаматтың мүмкіндігін ашуға, оның қабілеті мен біліміне инвестиция салуға басымдық береді.
Конституцияда бекітілген қағидаттар білім беру жүйесін дамытуға, ғылым мен инновацияны қолдауға, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Себебі адами капитал — елдің ең басты байлығы. Білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қана экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, мемлекеттің әлемдік деңгейдегі орнын нығайта алады.
Сонымен қатар, Жаңа Конституция әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын алға тартады. Әрбір азаматтың сапалы білім алуға, кәсіби тұрғыда дамуға және өз әлеуетін ел игілігі үшін пайдалануға құқығы бар екені айқындалған. Бұл өз кезегінде қоғамда жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады.
Жаңа Конституция — Қазақстанды білімге, инновацияға және адам капиталына сүйенген озық мемлекетке айналдыруға жол ашатын стратегиялық құжат. Ол болашақ ұрпақ үшін тұрақты даму мен өркендеудің сенімді іргетасын қалайды.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі



