Жаңа Конституция – ел болашағына бағытталған тарихи қадам

 

Мен жаңа Конституцияның жарияланған жобасын толық қолдаймын. Бұл құжат – ел дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленген, уақыт талабына нақты жауап беретін маңызды стратегиялық қадам. Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғамның қандай бағытта дамитынын айқындайтын басты құндылықтар жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа жобадағы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстанның болашағына бағытталғанын айқын көрсетеді.

Атап айтқанда, білім, мәдениет, ғылым және инновацияның басым бағыт ретінде белгіленуі – ұлттың ұзақ мерзімді өркендеуіне салынған берік инвестиция. Қазіргі жаһандық бәсекеде табиғи ресурсқа ғана сүйену жеткіліксіз екені белгілі. Ал зияткерлік әлеуетті арттыру, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау – елдің тұрақты дамуының басты кепілі. Бұл тұрғыда жаңа Конституция заманауи талаптарға толық сай келеді деп есептеймін.

Сонымен қатар құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының күшейтілуі, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының нақтылануы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен ашықтықтың қамтамасыз етілуі – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерін одан әрі нығайта түседі. Мемлекеттік басқару жүйесінде халықтың үні естілуі, заң үстемдігі мен жауапкершіліктің артуы – қоғамға деген сенімді күшейтеді.

Ең бастысы, жаңа Конституцияның өзегі – халық мүддесі. Бұл құжат мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілікті нақтылап, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға жол ашады. Азаматтардың ел өміріне белсенді араласуына, қоғамдық бақылаудың күшеюіне мүмкіндік береді.

Осыған байланысты мен азамат ретінде жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын және барша жұртты оның мәтінімен мұқият танысып, өз ұсыныс-пікірін ашық әрі белсенді түрде білдіруге шақырамын. Себебі ел тағдырына қатысты шешімге халықтың өзі қатысуы – шынайы демократияның айқын көрінісі. Конституция – баршамызға ортақ құжат, ал оның тағдырына бейжай қарамау – әр азаматтың азаматтық борышы.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT