Жаңа Конституция: Құрылтай негізіндегі бірпалаталы Парламент

 

Жаңа Конституцияға сәйкес елде Құрылтай үлгісіндегі бірпалаталы Парламент құрылады. Бұл – заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық қадам. Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие болып, оның құрамында 145 депутат болады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл, бұл заң шығару қызметінде жүйелілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Парламент құрамын қалыптастыруда пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Аталған жүйе саяси партиялардың рөлін күшейтіп, олардың кадрлық әлеуетін арттыруға және ішкі институционалдық дамуына серпін береді. Сонымен қатар бұл тәсіл партиялардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, сайлаушылар сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Пропорционалды жүйе арқылы әртүрлі саяси көзқарастар мен қоғамдық топтардың мүдделері кеңірек қамтылып, өкілдік сипаты арта түседі. Нәтижесінде заң шығару процесі ашық, теңгерімді әрі халық сұранысына барынша жақын болады.

Осылайша, жаңа форматтағы Парламент азаматтардың өкілдігін кеңейтуге, саяси бәсекелестікті дамытуға және билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қадам мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртып, демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуға негіз қалайды.

 

Еммат АЗЕРБАЕВ,

Исатай аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT