Жаңа Конституция: мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси жаңғырту

 

Жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтарының бірі – бір палаталы Парламенттің, яғни Құрылтайдың құрылуы. Бұл 145 депутаттан тұратын орган халық мүддесін заңды түрде білдіруге мүмкіндік береді. Менің ойымша, бірпалаталы Парламент елдегі заңнамалық шешімдердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, саяси партиялардың жылдық мерзімін ұзарту арқылы олардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, бұл партиялық жүйені дамытудың маңызды қадамы деп есептеймін. 

Конституцияда Вице-Президент институтының енгізілуі – мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды өзгеріс болып табылады.

Пропорционалды сайлау жүйесінің бекітілуі азаматтардың құқықтарын тең түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Халық Кенесі – халық пен билік арасындағы диалог алаңы ретінде маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, бұл құрал қоғамдағы ашықтық пен азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын күшейтеді. Сонымен қатар, адвокатура туралы жеке баптың енгізілуі құқықтық қорғауды күшейтеді.

 

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ,

"Нарын таңы" газетінің тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT