Жаңа Конституция: тұрақтылық пен демократиялық дамудың кепілі

 

Жаңа Конституция жобасында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға ерекше мән беріледі. Азаматтардың тең құқықтылығы, кемсітушілікке жол бермеу және заң алдындағы теңдік қағидаттары нақты айқындалады. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және өзара құрмет мәдениетін дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, мемлекеттік билік органдарының функциялары нақты бөлініп, олардың жауапкершілігі күшейтіледі. Шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы артып, стратегиялық мәселелер бойынша қоғаммен кеңесу тетіктері дамытылады.

Нәтижесінде, жаңа Конституция жобасы елдің демократиялық жаңаруына және ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастыруды көздейді.

 

Бақытгүл САПАРҒОЖИЕВА,

мемлекеттік қызметкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT