Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи маңызы зор қадам. Бұл бастама – ел дамуының сапалы жаңа кезеңге аяқ басқанын айқындайтын маңызды бетбұрыс. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Ата заңға енгізілген өзгерістер әділетті қоғам қалыптастырудың берік іргетасы болмақ. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғауды күшейту, ашық әрі есеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін орнықтыру – осы реформалардың басты мақсаты. Бұл қадамдар әрбір азаматтың үні естілетін, құқығы қорғалатын және мүмкіндігі кеңейетін мемлекет қалыптастыруға негіз болады.
Жаңа Қазақстан – бұл жаңару мен жаңғырудың символы. Ол қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтып, ел болашағына деген ортақ жауапкершілікті арттырады. Әрбір өзгеріс халықтың игілігіне қызмет етіп, тұрақты даму мен өркендеуге жол ашуы тиіс.
Бірлігіміз бекем болса, алынбайтын асу жоқ. Ортақ мақсат жолында жұмыла білсек, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болмақ.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі



