Жаңа Конституция жобасында адвокатура және адвокаттық қызмет туралы арнайы бап алғаш рет бекітілді. Бұл қадам құқық қорғау жүйесінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтық қолдау алуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау күшейтілді. Өнертабыстар мен авторлық құқықтарды қорғау арқылы инновациялық және ғылыми қызметті қолдау қарастырылған.
Азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету үшін «Миранда ережесі» бекітілді. Бұл норма сотқа дейінгі және соттағы құқықтық рәсімдерде адамның ақпарат алу және өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін нақтылайтын маңызды жаңалық болып табылады.
Еммат АЗЕРБАЕВ,
Исатай аудандық мәслихат депутаты



